Құжаттамалар шығару бөлімі

Бөлім жобалау жұмыстарының циклін аяқтайтын бөлімше болып табылады.

Бөлімде келесі жұмыс түрлері орындалады:

  • түсіндірме жазбалардың мәтіндерін теру, форматтау және рәсімдеу;
  • кең форматты плоттерлерде түрлі-түсті және ақ-қара сызбаларды сызу;
  • техникалық құжаттамаларды көбейту;
  • техникалық және жұмыс құжаттамаларын жинақтау;
  • көрсету материалдарын, презентацияларды, плакаттарды дайындау және рәсімдеу;
  • құжаттамаларды тапсырыс берушілерге жіберу;

 

Бөлімде келесілер орнатылған және пайдаланылады:

  • Құжаттамаларды өңдеу мен шығарудың барлық заманауи талаптарына сай келетін бағдарламалық жасақтамалары бар заманауи компьютерлер;
  • Hewlett Packard толық түсті кең форматты плоттерлері;
  • XEROX фирмасының кең форматты «принтерлері-көшірмелері-сканерлері»;
  • XEROX фирмасының жоғары жылдамдықты көбейту аппараттары;
  • Түрлі-түсті лазерлі және бүріккіш принтерлер.

 

Техниканың барлығы Институттың электронды желісіне қосылған.

Қойылған тапсырмаларды орындау үшін бөлім бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етудің заманауи құралдарын игерген, заманауи компьютерлік, графикалық және көбейту техникаларын пайдалана білетін мамандармен қамтылған.

 

Қызметінің бағыты