Қызметі
Бөлім өз қызметін институттың электр энергетика нысандарын (негізінен, жылу және газтурбиналы электр станциялар) кешенді жобалауы аясында жүзеге асырады.
Институт құрылған сәттен бастап бөлім қызметі отандық станциялардағы автоматтандыру деңгейін тұрақты жоғарылатуға бағытталған.
Біздің жобаларымыз бойынша бүгінгі таңда енгізілетін басқару жүйелері тиімділікті, қызмет ету қарапайымдылығын, электр станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылатуды және қызметкерлер еңбегін жеңілдетуді қамтамасыз ететін заманауи сенімділігі жоғары микропроцессорлы бақылау және басқару құралдарын қолдануға негізделген.
Жұмыс жасау принциптері
Клиент қажеттіліктерін зерттеу, онымен техникалық шешімдерге келісу, әрқашан шынайы ынтымақтастықта болуға дайын болу, бағдарламалық-техникалық кешен аспаптарының әлемдік нарығының жетекші өндірушілерімен ынтымақтастық қатынастарын орнату сапа мен сенімділіктің ең жоғары талаптарына сай келетін жабдықтар мен технологиялар жеткізуге мүмкіндік береді.
Жобалау әзірлемелерінің толықтығы мен дұрыстығына технологиялық жабдықтарды, сондай-ақ БӨАжА өндіруші зауыттардан келіп түсетін бастапқы деректер мен құжаттамаларды зерттеу, нысандарды кешенді тексеру және өндіруші зауыттармен тиянақты жұмыс жасау арқасында қол жеткізіледі.
Бөлім мамандарының техникалық хабардарлығы жабдықтар мен автоматикаларды жеткізушілер ұйымдастыратын барлық мүмкін болатын семинарларға қатысу арқылы тұрақты жоғарылатылып отырады.
Қызметтер спектрі
Жобалаудың барлық сатыларында автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау.
Жұмыс құжаттамасы сатысында микропроцессорлы басқару жүйелерін «дала деңгейі» және мамандандырылған ұйымдарға бағдарламалық-техникалық кешенді (БТК) әзірлеуге және жеткізуге тапсырма беру көлемінде жобалау.
Аспап нұсқасындағы және релелі логикадағы бақылау және басқару жүйелерін толық көлемде жобалау.