Жылу желілерін кешенді жобалау бөлімі

Қызметі

Бөлім институттың лицензияланған жұмыстары тізбесіне сәйкес жылу магистралдарын, жылу желілерінің арнайы қондырғыларын – сорғы станцияларын, жару түйіндерін жобалау бойынша жобалау жұмыстарын орындауды жүзеге асырады.

Бөлім «Жылу желілері» бөлімі бойынша тұрғын-үй коммуналдық сектордың жылу энергетикасы нысандарының жобалау жұмыстарын орындайды. Қалаларды жылумен қамту схемаларында «Жылу желілері» бөлімін орындайды.

Бөлім қызметі электр станциялар мен жылу желілерінің нысандарын салу сапасын тұрақты жоғарылатып отыруға бағытталған.

Біздің жобалар бойынша енгізілетін жобалық шешімдер заманауи конструкциялар мен материалдарды қолдануға негізделген (алдын ала оқшауланған құбырларды, құбыр элементтерін, арматураларды, старттық компенсаторларды қолдана отырып, каналсыз жүргізуді жобалау енгізілді).

 

Жұмыс жасау принципі

Тапсырыс беруші қажеттілігін зерттеу, онымен техникалық шешімдерді келісу, ынтымақтастыққа дайын болу, жетекші құрылыс компанияларымен серіктестік қатынастарын орнату сапа мен сенімділіктің ең жоғары талаптарына сай келетін жобалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жобалау әзірлемелерінің толықтығы мен дұрыстығына институт пен құрылыс нысандарындағы кешенді жұмыстардың арқасында қол жеткізіледі.

Бөлім мамандарының техникалық білгірлігі мамандандырылған көрмелерге, алдан ала оқшауланған құбырларды жобалау және салу бойынша курстарға қатысу арқылы тұрақты жоғарылап отырады.

 

Қызметтер спектрі

Жылу желілерінің сызбаларын әзірлеу, нысандарды жобалаудың, салудың, қолданысқа енгізудің және жобалық қуаттарын игерудің барлық кезеңдері мен сатыларында құжаттамалар әзірлеу бойынша мәселелерді шешу.

Зауыттармен, бас мердігер және қосалқы мердігер құрылыс-монтаж ұйымдарымен құрылыс жобаларына арналған техникалық шарттарға келісу.

Айтарлықтай прогрессивті және үнемді жобалық шешімдерді анықтауға арналған нұсқаларды әзірлеуге қатысу.

Институттың техникалық отырыстарына, бекітетін, сараптама жүргізетін және келісетін инстанцияларға жобалық шешімдерді қорғауға, авторлық қадағалауға қатысу.

Қосалқы мердігер ұйымдардағы жобалау барысын бақылау.

 

Қызметінің бағыты