Инженерлік ізденістер бөлімі

Бөлім инженерлік ізденістер саласында үлкен жұмыс тәжірибесіне ие мамандармен, сонымен қатар жас мамандармен қамтылған. Бөлім заманауи аппаратурамен, техникамен және жабдықтармен жасақталған.

Жетекші мамандардың кәсіпқойлығының жоғары деңгейі олардың сертификаттарымен және дипломдарымен расталған.

Біздің қызметкерлеріміздің жұмыс өтілі күрделі табиғи және техногендік жағдайларда жауапкершіліктің І және ІІ деңгейінің ғимараттары мен құрылыстарын жобалауға және салуға арналған инженерлік ізденістердің барлық кешенін орындауға мүмкіндік береді.

Деректерді компьютерлік өңдеу бағдарламаларын қолдану жұмыстар сапасын жоғарылатады және жылдамдығын арттырады, көрнекі графикалық материалдар және дұрыс есептік параметрлер алуға мүмкіндік береді.

Біздің ұжымда Алматының жоғарғы оқу орындарының студенттері – болашақ инженер-геодезисттер мен инженер-геологтар өндірістік машықтанудан өтеді.

Инженерлік ізденістер бөлімі жобалау және құрылыс аумағының табиғи және техногендік жағдайларын кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Инженерлік-геодезиялық ізденістер:

  • 1:5000 – 1:500 масштабты топографиялық түсірілім;
  • жер асты коммуникацияларын түсіру және оларды тиісті коммуналдық қызметтерде келісу;
  • ғимараттар мен құрылыстарды режимдік бақылау.

Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау үшін бөлім швейцариялық «Leica» фирмасының аспаптарымен («LisCAD» бағдарламалық жасақтамасы бар TSR1205 және TC307 электронды тахеометрлері, «Sprinter100» сандық нивелирлері, трасса іздегіштер, электронды рулеткалар) жабдықталған.

Инженерлік-геологиялық ізденістер:

  • бұрғылау және таудан өту жұмыстары;
  • топырақты далада зерттеу – штампты зерттеулер, статикалық және динамикалық зондтау, түгендеу қадаларын сынау;
  • гидрогеологиялық зерттеулер – тәжірибелік – сүзу жұмыстары, су балансын есептеу, жер асты сулары режимін бақылау;
  • топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерін зертханалық зерттеу – ығыстыру, компресстеу аспаптарында топырақты сынау;
  • топырақтарды, жер астындағы және жер бетіндегі суды химиялық зерттеу.

Инженерлік-геологиялық жұмыстарды орындау үшін бөлім УГБ-2ВС бұрғылау қондырғыларымен, статикалық жүктемемен топыраққа сынақ жүргізуге арналған жабдықтармен, статикалық пенетрация топырағына сынақ жүргізуге арналған «Geoexplorer» бағдарламалық жасақтамасы бар «Тест-АМ» электронды аспабымен, тәжірибелік-сүзу зерттеулерін жүргізуге арналған жабдықтармен жасақталған. Түрлі әдістермен топыраққа компрессиялық және ығыстыру сынақтарын жүргізуге арналған аспаптармен жабдықталған топырақ тану зертханасы бар.

 

Қызметінің бағыты