Қызметі
Бөлім гидротехникалық құрылыс, сумен қамту және канализация саласындағы жобалау жұмыстарын орындауды жүзеге асырады.
Бөлім техникалық сумен қамту нысандары, су құбыры және канализацияның сыртқы желілері, ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы өрт сөндіру, гидротехникалық құрылыс, сыртқы күл-шлак шығару жүйелері бойынша жобалау жұмыстарын орындайды.
Бөлім қызметі қоршаған ортаға әсерді қысқарта және құрылыс құнын азайта отырып, электр станциялар мен жылу желілерінің құрылыс нысандарының сапасын тұрақты түрде жоғарылатып отыруға бағытталған.
Біздің жобалар бойынша енгізілетін құрылыс шешімдері заманауи конструкциялар мен материалдарды қолдануға негізделген.
Жұмыс жасау принциптері
Тапсырыс беруші қажеттіліктерін зерттеу, онымен техникалық шешімдерге келісу, ынтымақтастыққа дайын болу сапа мен сенімділіктің ең жоғары талаптарына сай келетін жобалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жобалық әзірлемелердің толықтығы мен дұрыстығына институт пен құрылыс нысандарындағы кешенді жұмыстардың арқасында қол жеткізіледі.
Бөлім мамандарының техникалық білгірлігі тақырыптық көрмелер мен семинарларға қатысу арқылы тұрақты жетілдіріліп отырады.
Қызметтер спектрі
Келесілердің сызбаларын әзірлеу:
Бөлім ҚОӘБ және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерін әзірлеуге, энергетикалық құрылыстар құрылысына арналған жерді таңдау және бөлу актілерін дайындауға қатысады.
Зауыттармен және жабдықтарды жеткізуші фирмалармен құрылыстың техникалық шарттарына келісу. Сумен қамту көздеріне, канализация жүйелеріне және беттік су айдындарына жалғау бөлігінде мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардан құрылыстың техникалық шарттарын алу.
Айтарлықтай үдемелі және үнемді жобалық шешімдерді анықтау үшін нұсқаларды әзірлеуге қатысу.
Институттың техникалық отырыстарына, бекіту, сараптама жүргізу және келісу инстанцияларында жобалық шешімдерді қорғауға, авторлық қадағалауға қатысу.
Қосалқы мердігер ұйымдарда жобалау барысына бақылау жүргізу.