Бас жоспар және тасымалдау бөлімі

Қызметі

Бөлім институттың лицензияланған жұмыстар тізбесіне сәйкес бас жоспарлар мен тасымалдаудың  жобалық жұмыстарын орындауды жүзеге асырады.

Бөлім Нысандардың бас жоспары және тасымалдауды ұйымдастыру бөлімі бойынша жылу энергетика нысандарына жобалау жұмыстарын жүргізеді:

  • кәсіпорындарды орналастыру;
  • аумақты жоспарлау;
  • алаң ішілік автомобиль жолдары;
  • жайластыру және көгалдандыру;
  • алаң ішілік темір жолдар.

 

Бөлім жылу энергетика нысандарының бас жоспарларын және тасымалдауды ұйымдастыруды орындайды. Бөлім қызметі электр станциялар мен жылу желілері нысандарының құрылысы сапасын тұрақты жоғарылатуға бағытталған.

Біздің жобаларымыз бойынша енгізілетін құрылыс шешімдері заманауи конструкциялар мен материалдарды қолдануға негізделген.

 

Жұмыс жасау принциптері

Клиент қажеттіліктерін зерттеу, онымен техникалық шешімдерге келісу, адал ынтымақтастыққа дайын болу, жетекші құрылыс компанияларымен серіктестік қатынастарын орнату сапа мен сенімділіктің ең жоғары талаптарына сай келетін жобалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бөлім жобалық әзірлемелердің дұрыстығы мен толықтығына ерекше назар аударады, оған институт пен құрылыс нысандарындағы кешенді жұмыстармен қол жеткізіледі.

Бөлім мамандарының техникалық білгірлігі Kazbield көрмелеріне, сейсмикалық төзімді құрылыс жөніндегі курстарға қатысу арқылы жетілдіріліп отырады.

 

Қызметтер спектрі

Бас жоспарлардың сызбаларын әзірлеу, нысандарды жобалаудың, салудың және қолданысқа енгізудің барлық кезеңдері мен сатыларында құжаттамаларды әзірлеу бойынша мәселелерді шешу.

Құрылыс жобаларының техникалық шарттарын зауыттармен, бас мердігер және қосалқы мердігер құрылыс-монтаж ұйымдарымен келісу.

Айтарлықтай үдемелі және үнемді жобалық шешімдерді анықтау үшін нұсқаларды әзірлеуге қатысу.

Институттың техникалық отырыстарына, бекіту, сараптама жүргізу және келісу инстанцияларында жобалық шешімдерді қорғауға, авторлық қадағалауға қатысу.

Қосалқы мердігер ұйымдарда жобалау барысына бақылау жүргізу.

 

Қызметінің бағыты