Қызметі
Бөлім институттың лицензияланған жұмыстар тізбесіне сәйкес сәулет – қала салу қызметі саласындағы жобалау жұмыстарын орындауды жүзеге асырады.
Бөлім сәулет-құрылыс, жылыту және желдету, сумен қамту және канализация, ғимараттар мен құрылыстардағы ішкі өрт сөндіру бөлігі бойынша жылу энергетика нысандарының жобалау жұмыстарын орындайды.
Бөлім қызметі электр станция және жылу желілері нысандарын салу сапасын тұрақты жоғарылатып отыруға бағытталған.
Біздің жобалар бойынша енгізілетін құрылыс шешімдері заманауи конструкциялар мен материалдарды қолдануға негізделген.
Жұмыс жасау принциптері
Клиент қажеттіліктерін зерттеу, онымен техникалық шешімдерге келісу, ынтымақтастыққа дайын болу, жетекші құрылыс компанияларымен серіктестік қатынастарын орнату сапа мен сенімділіктің ең жоғары талаптарына сай келетін жобалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жобалық әзірлемелердің толықтығы мен дұрыстығына институт пен құрылыс нысандарындағы кешенді жұмыстардың арқасында қол жеткізіледі.
Бөлім мамандарының техникалық білгірлігі мамандандырылған көрмелерге, сейсмикалық төзімді құрылыс жөніндегі курстарға қатысу арқылы жетілдіріліп отырады.
Қызметтер спектрі
Сәулет құрылыс сызбаларын, ЖЖ және ЖК, ішкі өрт сөндіру бойынша сызбаларды әзірлеу, нысандарды жобалаудың, салудың және қолданысқа енгізудің барлық кезеңдері мен сатыларында құжаттамаларды әзірлеу және жобалау қуатын игеру бойынша мәселелерді шешу.
Құрылыс жобаларының техникалық шарттарын зауыттармен, бас мердігер және қосалқы мердігер құрылыс-монтаж ұйымдарымен келісу.
Айтарлықтай үдемелі және үнемді жобалық шешімдерді анықтау үшін нұсқаларды әзірлеуге қатысу.
Институттың техникалық отырыстарына, бекіту, сараптама жүргізу және келісу инстанцияларында жобалық шешімдерді қорғауға, авторлық қадағалауға қатысу.
Қосалқы мердігер ұйымдарда жобалау барысына бақылау жүргізу.