Қызметі
Жылу механикалық бөлімі институттың жетекші бөлімі болып табылады. Бөлім энергетикалық нысандарды:
сонымен қатар басқа да технологиялық нысандарды технологиялық жобалауды жүзеге асырады.
Жобалау жұмыстарының көп көлемі түрлі типтегі, мақсаттағы және отын қолдану түрлеріндегі энергия көздерін қайта құру, техникалық қайта жабдықтау және модернизациялау бойынша жүргізіледі. Бөлім қызметі қабылданатын шешімдердің тиімділігін және жасалатын жобалардың сапасын тұрақты жоғарылатып отыруға бағытталған.
Жұмыс жасау принциптері
Қызметтер спектрі
Бөлім құрамына келесі бөлімшелер кіреді:
Жылу техника секторы:
Мамандар-жылу технигі электр станция схемаларына жылу есептерін, кез келген мақсаттағы технологиялық құбырлардың беріктігі мен өзін өзі өтеуі есептерін жасайды, өндіруші зауыттармен негізгі және қосалқы жабдықтардың техникалық шарттарын таңдайды және келіседі.
Жылу беру секторы қатты, сұйық және газ тәрізді отындардың электр станцияларының, тиеу құрылғыларының, ұсақтау құрылғыларының, себу түйіндерінің, ленталы конвейер галереяларының, мазут шаруашылығының, газ реттеу пункттерінің және т.б. схемалары мен жобалау құжаттарын әзірлейді. Сектор электр станциялар мен қазандықтардың қосалқы ғимараттары мен құрылыстары бойынша жобалау жұмыстарын жасайды.
Су дайындау секторы
Су дайындау секторы ЖЭС су-химиялық режимі кешенін есепке ала отырып, электр станцияларға арналған түрлі мақсаттағы су дайындау қондырғыларын (СДҚ) жобалаумен шұғылданады. Жобалау кезінде заманауи жабдықтар мен шығын материалдарын (ионмен алмасу шайыры, мембраналы технологиялар және т.б.) қолдана отырып, су дайындау саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялар қолданылады. СДҚ технологиялық схемалары ағын су шығысын және реагенттер шығынын барынша қысқартуды, сонымен қатар ЖЭС циклінде ағынды қайта қолдануды көздейді.
Бөлім мамандары: