Смета бөлімі

Бөлімде Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Тараз, Өскемен, Орал, Қарашығанақ, Қашаған, Семей, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған сияқты қалаларының ТЭЦ, ГТҚ нысандарын, қазандықтарын, жылу магистралдарын және жылу желілерін салудың сметалық құны жөніндегі деректер базасы бар.    

Смета бөлімі жобалық-сметалық жұмыстардың келесі түрлерін орындайды:

жобалаудың барлық сатыларында электр энергетика және жылу желілері нысандарының сметалық құнын анықтау: техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН), жоба (Ж), жұмыс жобасы (ЖЖ), жұмыс құжаттамасы (ЖҚ).

Құрылыстың сметалық құны базалық бағалармен анықталады, кейіннен сметалық-нормативтік құжаттардың, ҚР Үкіметінің және Құрылыс істері жөніндегі комитеттің және ҚРИСМТКШ қаулыларының барлық талаптары мен ұсыныстарын орындай отырып, бағалардың ағымдағы деңгейіне аударады.

Құрылысты ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдер:

  • құрылыстың нормативтік мерзімдерін анықтау;
  • құрылыс жылдары бойынша ҚМТ кеткен күрделі салымдар мен шығындарды тарата отырып, құрылыстың күнтізбелік жоспарларын жасау;
  • монтаждау крандарын орналастыру схемаларын жасау;
  • құрылыстың бас жоспарларын жасау.
 

Қызметінің бағыты