Болашақта жобалау бөлімі

Бөлім қызметінің негізгі бағыты болып жылумен қамту схемаларын, қалалардың жылу-энергетикалық кешендерін дамыту бағдарламаларын әзірлеу, жобалаудың барлық сатыларында қаржылық-экономикалық және экологиялық бөлімдерді орындау табылады.

Қалалар мен аудандарды жылумен қамту схемаларын және  жылу-энергетикалық кешенін дамыту бағдарламаларын әзірлеудің кешенді тәсілінің негізгі мақсаты болып қоршаған ортаға минималды жағымсыз әсер ете отырып, айтарлықтай үнемді тәсілмен сапалы әрі сенімді жылумен қамту табылады.

Қалаларды, өнеркәсіптік-қалалық агломерацияларды, аумақтық түзілімдерді, аймақтарды, елдерді жылумен қамту схемалары жылмен қамту шаруашылығын дамытудың концепциясы мен жолдарын анықтайтын негізгі құжат болып табылады.

Көп жылдық тәжірибе схемаларда қабылданған шешімдер негізінде ғана қолданыстағы жылу-электр орталықтарын, қазандықтарды және жылу желілерін қайта құру, ұлғайту, техникалық жабдықтау және жаңаларын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлене алатындығын көрсетті.

Бөлім Қазақстанның барлық ірі қалалары, Ресей Федерациясының және Орта Азия республикаларының бір қатар қалалары үшін жылумен қамту схемаларын әзірледі.

Соңғы жылдары Астана, Алматы, Семей, Павлодар, Шымкент, Жезқазған, Сәтбаев қалаларына арналған жылумен қамту схемалары әзірленді, олардың негізінде жылу көздері мен жылу желілерін жобалау және салу жүргізіледі.

Жылумен қамту схемаларында келесі тапсырмалар шешіледі:

  • жергілікті билік органдарының ұсыныстары және қалаларды дамыту бойынша бас жоспар жобалары негізінде 5-10-15 жылдық болашаққа жылу жүктемелері анықталады және негізделеді;
  • қолданыстағы нормативтерге сәйкес қаланың жылу энергиясына деген жоғарылап келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жылумен қамтудың қолданыстағы жүйелерін қайта құру және ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірленеді;
  • жылу жүктемелерінің жоғарылауы жағдайларында сенімділік шарттары бойынша жылу желілерінің қолданыстағы жүйесі оңтайландырылады;
  • түрлі отын түрлерімен жұмыс жасайтын жаңа ТЭЦ (немесе қазандық) құрылысының мақсаттылығы анықталады;
  • сенімділіктің нормативтік критерийлеріне және инвестициялық тартымдылыққа сай келетін технологиялар мен жабдықтарды таңдау жүргізіледі;
  • қолданыстағы жылу көздері мен жылу желілерін қайта құру, есептік кезеңдегі болашақты есепке ала отырып, экономикалық тиімділік және пайдалылық принципі бойынша жаңаларын салу қажеттілігіне техникалық-экономикалық негіздеме жасалады;
  • жылумен қамту жүйелері нысандарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін бағалау жүргізіледі;
  • қалалардың дамуының қарастырылатын кезеңдері бойынша жылумен қамтуды рационалды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар әзірленеді;
  • жалғанатын жылу жүктемесі үшін төлемдерге алдын ала бағалаулар беріледі;
  • жылумен қамту жүйелері нысандарының дамуы бойынша жобалау құжаттамаларын жасау тізбегі ұсынылады.

Болашақта жобалау бөлімі техникалық-экономикалық, экологиялық есептеулерді орындауға және қалаларды жылумен қамту схемаларын графикалық көрсетуге арналған компьютерлік техникамен және компьютерлік бағдарламалар кешенімен жабдықталған.

 

Қызметінің бағыты