Тарих

 

Институт 1960 жылы құрылған және КСРО Энергетика және электрификация министрлігінің жүйесіне елдің шығысындағы аймақтық орталық ретінде кірді және электр және жылу энергиясын өндіретін аралас өндірісі бар ТЭЦ базасындағы орталықтан жылумен қамту жүйелерін, сонымен қатар өнеркәсіптік қалалар мен кәсіпорындарды жылумен қамту схемаларын жобалау жөніндегі бас республикалық институт болды.  

Институт құрылған сәттен бастап «Промэнергопроект» мемлекеттік одақтық жобалау  институтының Алма-Ата бөлімі деп аталды, 1974 жылы Өнеркәсіптік энергетика және өнеркәсіпте отынды, электр және жылу энергиясын ұтымды қолдану жөніндегі Бүкіл одақтық мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық институттың Орта Азиялық бөлімшесі («ЭнергоөнеркәсіптікБОҒЗЖІ» ОАБ) деп өзгертілді. 

Қызмет еткен жылдары «ЭнергоөнеркәсіптікБОҒЗЖІ» ОАБ институты Қазақстанда және Орта Азия елдерінде, сонымен қатар Ресей Федерациясының бірқатар қалаларында және шетелдерде орталықтандырылған жылумен қамту саласындағы техникалық саясатты қалыптастыруға жауапты ірі жобалау ұйымы мәртебесіне ие болды.

Институт қызметінің осы кезеңі салынатын ТЭЦ жоғарғы өндіргіштігі мен үнемділігін қамтамасыз ететін айтарлықтай жетілдірілген және үдемелі техникалық шешімдерді әзірлеумен және оларды жобаларға енгізуімен сипатталды. Типтік жобалауды түбегейлі өзгерту бойынша жұмыстар, сонымен қатар өнеркәсіптік энергетика және энергия ресурстарын ұтымды қолдану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды.    

1992 жылы «ЭнергоөнеркәсіптікБОҒЗЖІ» Орта Азиялық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің тікелей басқаруындағы «„ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ“ институты» дербес мемлекеттік кәсіпорнына түрлендірілді.

1998 жылдан бастап «„ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ“ институты» жеке кәсіпорынға айналды.

Бүгінгі таңда «„ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ“ институты» АҚ жылу электр станциялары мен орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерін кешенді жобалау бойынша дәстүрлерді жалғастыруда.

57 жылға созылған қызметінің барысында институт жылу электр орталықтарын, ірі қазандықтар мен жылу желісі нысандарын жобалау бойынша жоғары деңгейге қол жеткізді және Қазақстан Республикасындағы орталықтандырылған жылумен қамтуды жобалау саласындағы жетекші ұйымға айналды.

Институттың «нөлден бастап» жобалары бойынша көптеген жылу энергетика нысандары салынды.

Институт болашаққа ҚР электроэнергетикалық және отын-энергетикалық баланстарының даму стратегиясын әзірлеуге қатысады және ҚР өнеркәсіптік орталықтары мен ірі қалаларын жылумен қамту схемаларының авторы.

Институт қызметінің саласы тұрақты кеңейтіліп отырады.

Институт институттың іргетасын қалауға негіз болған жобалаушылардың осыған дейінгі буынының тәжірибесін қолданатын, жылу электр станциялары мен жылу желілерін кешенді жобалау және  энергетика саласында көптеген жылдарға созылған жұмыс өтілі бар жоғары білікті мамандармен (жылу-энергетиктермен, электриктермен, құрылысшылармен, гидротехниктермен және басқаларымен) жасақталған.

Соңғы жылдары институт ұжымы аға тәлімгерлерінің тәжірибесін қолданатын, жылу электр станциялары мен жылу желілерін кешенді жобалаудың ең жақсы дәстүрлерін жалғастыратын және еселейтін жас мамандармен толықтырылуда.

Бүгінгі таңда Институт заманауи көп функциялы және тұрақты жаңартылып отыратын компьютерлік, графика жасау және көбейту техникасымен жабдықталған.

Жасалатын жұмыстарды техникалық деңгейі, сапасы халықаралық стандарттарға сай келеді.

2004 жылдан бастап институтта ҚР СТ ИСО 9001-2009 ұлттық стандартының талаптарына сәйкес сәулет, қала салу және құрылыс саласындағы жобалау қызметіне, іздену қызметіне және инжинирингтік қызметтерге қатысты сапа менеджменті жүйелері қолданылды.

2013 жылдан бастап ҚР СТ ИСО 14001-2006 және ҚР СТ ОНSАS 18001-2008 ұлттық стандарттарына сәйкес сәулет, қала салу және құрылыс саласындағы жобалау қызметіне, іздену қызметіне және инжинирингтік қызметтерге қатысты «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ-на экологиялық менеджмент және кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелерінің сәйкестік сертификаттары берілді.

«ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ-ның жобалардың, жұмыс және смета құжаттамаларының, ғылыми-техникалық кітапхананың және өнеркәсіптік технологиялық жабдықтар тобының техникалық мұрағатының көптеген материалдарынан тұратын ақпараттық-техникалық базасы бар.

Институт Қазақстанның Электроэнергетикалық Қауымдастығы құрылтайшыларының бірі болып табылады, оның жұмысына — ең алдымен энергетикаға энергиялық тиімділікті және энергияны үнемдеуді жоғарылатуға бағытталған жаңа технологияларды енгізуге және оларды насихаттауға белсенді қатысуда.