Күл үйінділерін жобалау

Көмірді қолданатын жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысын қамтамасыз ету үшін күл үйінділері аса маңыздылыққа ие. Олардың рөлі әсіресе жылу энергетикалық нысандар қазақстандық кен орындарының күлі көп көмірлерін жаққан, сонымен қатар құрылыс, жол-құрылыс кәсіпорындарының және еліміздің басқа да кәсіпорындарының күл-шлак қалдықтарын қолдануының үлесі өте төмен болған жағдайларда өте жоғары. 

Институттың гидротехникалық бөлімі күл-шлактарды гидравликалық, құрғақ және аралас жинауға арналған күл үйінділері құрылысының жобасын әзірлеуде. Бұл ретте күл үйінділері құрылыстарының сейсмикалық төзімділігіне, сонымен қатар күл үйінділерін салу және пайдалану кезеңіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Соңғы жылдары әзірленген күл үйінділерін салу, ұлғайту және қайта құру жобалары

  • Павлодарэнерго АҚ ТЭЦ-3 күл үйіндісінің екінші кезеңі;
  • Күл-шлактарды жинаудың аралас жүйесін қолдана отырып, АлЭС АҚ-ның ТЭЦ-3 күл үйіндісін қайта құру және ұлғайту;
  • АлЭС АҚ-ның ТЭЦ-1 күл үйіндісін жинаудың аралас жүйесі;
  • Астана қаласындағы ТЭЦ-2-нің №2 күл үйіндісі;
  • Ақсу ферроқортпа зауытының қалдықтар қоймасы.