Жылу желілерін жобалау

Институттың жылу желілерін кешенді жобалау бөлімі магистралды және тарататын жылу желілеріне, сорғы станцияларына және жылу желілеріндегі арнайы қондырғыларға арналған жоба алдындағы (ТЭН) және жобалау жұмыстарын (жобалар, жұмыс құжаттамасы) жүргізеді.

Қолданылатын негізгі техникалық шешімдер:

1) жылу желілерінің құбырларын жүргізу тәсілдері бойынша:

  • жер астымен — каналсыз, жылу оқшаулағыштың дымқылдануын қашықтықтан бақылау жүйесі бар, зауыттық жағдайда пенополиуретанмен алдын ала оқшауланған құбырлармен (негізгі технология);
  • жер бетімен — құрылыс жүргізілмеген аумақтармен жүргізу кезінде және каналсыз жүргізу тиімсіз немесе мүмкін болмаған кезде төмен және жоғары тіреулермен;

2) құбырларды жылулық оқшаулау бойынша — жер астымен және жер бетімен жүргізілетін құбырлар үшін жылулық оқшаулаудың прогрессивті конструкцияларын қолдану;

3) құбырлардың температуралық кеңеюінің орнын толтыру бойынша – дәстүрлі көлемді және металды көп қажет ететін П-тәрізді компенсаторлардың орнына сильфонды компенсаторларды, старттық бір рет қолданылатын компенсаторларды (құбырларды жер астымен жүргізу кезінде) қолдану

4) сорғы станциялары бойынша (жылу көздері мен магистралды трассаларда):

  • сорғы станцияларының жұмысын толығымен автоматтандыру;
  • желілік сорғылардың өндіргіштігі мен қысымын ішінара реттеу;
  • тығыздығы жоғары шарлы тиекті арматураны қолдану.

Жылу желілерін кешенді жобалау бөлімі соңғы 3 жылда келесілерді орындады:

2009 ж.

  • Алматы қаласындағы М-13 жылу магистралын қайта құру. 2-кезең
  • Алматы қаласындағы М-3 жылу магистралын қайта құру
  • Алматы қаласындағы М-9 жылу магистралын қайта құру
  • Алматы қаласындағы бактары-аккумуляторлары бар №3 сорғы станциясын қайта құру
  • Астана қаласындағы жаңа өнеркәсіптік аймақтың инфрақұрылымын салу (Индустриалды  парк). М-50 жылу магистралы
  • «Алматы қаласындағы М-7А ЖМ қайта құру» нысаны бойынша БҚ-тын ЗТИ технологиясына сәйкес түзету
  • Алматы қаласындағы Навои к-сі бойынша тұтынушыларға жалғағанға дейін НС-14 жылу магистралын қайта құру
  • Алматы қаласындағы «Ақсел Кент» тұрғын үй кешені құрылысының 1-кезеңін сырттан жылумен қамту
  • «Рысқұлов даңғылын Сайын к-сінен ТЭЦ-2-ге апаратын жолға дейін тесу» жобасы құрамында ТЭЦ-2-ЗТК жылу магистралы учаскесін қайта құру.

2008 ж.

Алматы қаласы

  • М-1, М-4, М-7а  жылу магистралдарын қайта құру
  • ТЭЦ-2?ТЭЦ-1  сорғы станциясымен байланыстыратын жылу магистралы
  • ЦТРП-ЗТК берілетін жылу шығыстарын ұлғайту
  • М-13 жылу магистралын қайта құру. 1-кезең
  • «Таугүл» шағын ауданындағы сорғылы-араластыру станциясы

Астана қаласы

  • «2009-2011 жылдар аралығындағы кезеңде Астана қаласын дамытудың Бас жоспарының 1-кезеңін түзету бойынша жұмыстар аясында жылумен қамту» бөлімін әзірлеу
  • Сол жақ жағалау бөлігіндегі жылу магистралы, 3-кіріс
  • Сол жақ жағалау бөлігіндегі жылу магистралы, 1-кіріс
  • М-1А, М-16А, М-23, М-29, М-31 жылу магистралдарын қайта құру
  • НС-6, НС-9 сорғы станцияларын қайта құру;
  • «Астана қаласындағы жылумен қамту нысандарын салу (3-кірістен сол жақ жағалаудағы №19 көшенің оңтүстігіндегі ауданның тарататын жылу желілерін салу)» жұмыс жобасы

2007

  • Алматы қаласының жылу желілерін қайта құру (ТЭН);
  • Алматы қаласындағы ТМ-7 жылу магистралын қайта құру;
  • Алматы қаласындағы ТМ-2 жылу магистралын қайта құру;
  • Астана қаласының сол жақ жағалау бөлігіндегі жылу магистралы, 3-кіріс.