Институттың сапа саласындағы саясаты

Мемлекеттік заңнамалық актілерге және Тапсырыс берушінің болжамдары мен талаптарына сай келетін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу. Тапсырыс берушінің мүддесі біз үшін бірінше орында. Өнім сапасы – толықтай институттың және жеке-жеке әр қызметкердің тұрақты жұмыс жасауының негізгі факторы.

Заманауи өзекті компьютерлік технологиялар мен оларды басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдану арқылы жобалық-сметалық құжаттамалар сапасын қамтамасыз ету.

Серіктестермен және қосалқы мердігер ұйымдармен өзара сенімділік және құрмет атмосферасында жұмыс жасау. Тұрақты түрде оқыту есебінен қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігін қолдау. Жобалық-сметалық құжаттамалар жасау мен шығаруды тиімді басқаруды қамтамасыз ету.